Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды.
Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына бұрын ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жедел басқармасының бастығы.лауазымында болған әділет полковнигі Талғат Абдранбаев тағайындалды. Т.Абдранбаев ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған.
Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов департаменттің жаңа бастығына жемісті еңбек тіледі.