Түркістан облысы мен Татарстан ынтымақтастығы нығаяды

0
315

Негізгі мақсат – екіжақты байланыстарды нығайту, серіктестік қатынастарды кеңейту, ынтымақтастықты дамыту.


Түркістан облысы мен Татарстан ынтымақтастығы нығаяды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация жұмыс сапарымен арнайы Татарстан Республикасына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация жұмыс сапарымен арнайы Татарстан Республикасына келді. Негізгі мақсат – екіжақты байланыстарды нығайту, серіктестік қатынастарды кеңейту, ынтымақтастықты дамыту.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен маңызды келіссөздер жүргізді. Кездесуде бауырлас елдер арасында сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен ІТ саласында тәжірибе алмасу және өзге де мәселелерді талқыланды. Ортақ жобаларды жүзеге асыру туралы айтылды.


Облыс әкімі Қазан қаласында Татарстан Республикасы Раисының қатысуымен өткен «БРИКС+» елдері қалаларының халықаралық форумында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Бауырластық қатынас орнату туралы өзара серіктестік меморандумына қол қойылды. Қазақстан мен Татарстанның бауырлас халықтары әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген саласында табысты ынтымақтасады.


Сапар аясында өзара әріптестікті нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Қазақстандық делегацияға құрмет көрсетіп, меймандостық танытты. Облыс әкімі екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беретінін айтып, көрсетілген қонақжайлық үшін алғысын білдірді.


Татарстанға сапары барысында Дархан Сатыбалды Қазандағы әйгілі «Кул Шариф» мешітінде болды. Одан кейін «Ак Барс» спорт кешенінде балуандар бәсекесін тамашалады.


Сондай-ақ бүгін өңір басшысы Татарстан Республикасындағы техникалық-енгізу үлгісіндегі ерекше экономикалық аймақ пен өнеркәсіп орталықтарына, "Химград" технополисі-заманауи индустриалды химиялық паркіне, ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беру, зерттеулер мен әзірлемелерге маманданған Иннополис университетіне бару жоспарланған. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті инвесторлармен кездесіп, Түркістан өңірінің әлеуетімен таныстырады.