Екпені 155712 адам салдырған.
Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын егу бойынша республикада алғашқы орында тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын еккендер санымен республика бойынша 1-орында тұр. Облыста «Pfizer» вакцинасының 1-компонентін 155712 адам салдырған. Өңір бойынша 12 жастан 18 жасқа дейінгі 138356 жасөспірім, 7500 жүкті әйел және 9856 емізулі ана «Pfizer» екпесін алды. Ал, 2-компонентті 82692 адам қабылдаған. Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Түркістан облысында КВИ-ге қарсы 1046156 адам екпе қабылдады. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 17 адамда COVID-19 індеті анықталып, тәуліктік өсім 0,10%-ды құрады.
Сондай-ақ Түркістан облысында қазіргі таңда 150683 адам ревакцинация алды.