Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын егу бойынша республикада 2-орында тұр

0
487

Жасөспірімдерді вакцинациялау – ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.


Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын егу бойынша республикада 2-орында тұр

Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын еккендер санымен республика бойынша 2-орында тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыста «Pfizer» вакцинасын жалпы саны 40220 адам салдырды. Дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егіп жатыр. Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс бойынша 12 жастан 18 жасқа дейінгі 38500 жасөспірім, 4 004 жүкті әйел және 2 989 емізулі ана «Pfizer» екпесін алды. Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.


Айта кетейік, «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау – ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.