Түркістан облысы толықтай таза ауызсумен қамтылады

0
516

841 елді мекеннің 697-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.


Түркістан облысы толықтай таза ауызсумен қамтылады

Түркістан облысы 2025 жылға қарай толығымен таза ауызсумен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 841 елді мекеннің 697-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, қалалар – 98,9 %, ауылдық елді мекендер – 92,1%. Облыс елді мекендерін 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары» әзірленген. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарған жұмысты қорытындылаған Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеді.


Сонымен қатар, облыс бойынша жалпы 841 елді мекеннің 423-і (50,3 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.


«Биыл жыл қорытындысымен 448 елді мекен (53,2%) табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, «Түркістан облысын 2025 жылға дейін табиғи газбен қамтамасыз етудің кешенді жоспары» әзірленді. Жоспарға сәйкес, 299 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Нәтижесінде, өңір халқы 85,6% табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады», - деді Бақытжан Әнуарбекұлы.


Жалпы 841 елді мекеннің 825-і орталықтандырылған электр желісімен, 16 елді мекен дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген.