Түркістан облысында 14 бағытта жол жабылды

0
1 591

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құтқарушылары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде.


Түркістан облысында 14 бағытта жол жабылды

Түркістан облысында 1 республикалық, 13 облыстық жол жабық тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы қалың қар мен бұрқасын салдарынан жолдар жабылып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құтқарушылары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде.


"Шұғыл желі" байланысы жұмыс істейді. Мына нөмірлер бойынша 8-725-33-5-78-97 тәулік бойы қажетті ақпаратты ала аласыз.


Қазіргі кезде республикалық «Алматы – Ташкент – Термез» тас жолының Түлкібас аумағындағы бөлігі барлық автокөлік түрлері үшін жабылды. Сондай-ақ, Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар «Шолаққорған-Ащысай-Кентау» автожолында да күн райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрінің қозғалысына тыйым салынды.


Облыс аумағындағы «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік», «Ұланбел-Созақ-Шолаққорған-Шаян-Екпінді» Түлкібас ауданындағы «Машат» демалыс аймағы, «Кершетас-Келтемашат-Даубаба», «Көксәйек-Нысанбек», «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Сайрам», «Балықты-Абай-Пәстелі-Жаскешу», «Шарапхана-Жанабазар-1 мамыр», «Ағайдар-Екпінді» жолдарында барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Қазіргі кезде құтқарушылар жолда қалып қойған көліктерге көмек беріп жатыр. Әзірге қар құрсауында қалып қойған жолаушылар жоқ.

Бөлісу