Түркістан облысында 157 шетелдік азамат қамауға алынды

0
1 096

ҚР заңын бұзған 19 шетел азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған.


Түркістан облысында 157 шетелдік азамат қамауға алынды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері ҚР көші-қон заңдылығын бұзған 360 шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында 2019 жылдың 16-20 қаңтар күні аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Аталаған шара облыс аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында жасалып отыр.

«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасының 3-тәулігінде облыс бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы – 423 шетелдіктер мен ҚР азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 360-ы шетелдік, 63-і ҚР азаматтары. Аталған құқықбұзушылардың 222-не ескерту жасалған және 25-не әкімшілік айыппұлдар салынған. Сонымен қатар, 157 шетелдік әкімшілік қамауға алынып, 19 азамат сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған.

Сондай-ақ, Түркістан облысы ПД-нің қабылдау-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 19 адам орналастырылды және 136 шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылды. Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 46, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 17 ҚР азаматы анықталып, оларға қатысты шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін әкімшілік жауапкершіліктер қаралды.

Іс шара өткізу барысында, елден аластату туралы сот шешімін орындамаудың 5 жайты анықталып, қылмыстық істер қозғалды.

дереккөз: Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі