Түркістан облысында 6 елді мекенінің Бас жоспары бекітіледі

0
514

Халық саны 50 адамға жетпейтін 29 елді мекен бар.


Түркістан облысында 6 елді мекенінің Бас жоспары бекітіледі

Түркістан облысында 6 елді мекеннің бас жоспары әзірленуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2023-2024 жылдары аралығында Түркістан облысының 6 елді мекенінің Бас жоспары бекітіледі. Олар Қазығұрт, Сарыағаш және Сауран аудандарында орналасқан. Осы мақсатта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен арнайы зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның барысы бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында талқыланды.


Түркістан облысында 833 елді мекен бар. Қазіргі таңда 798 елді мекен Бас жоспармен қамтылған. Сонымен қатар облыста халық саны 50 адамға жетпейтін 29 елді мекен бар.


«Қай ауданда қандай проблемалар бар, осыны анықтау маңызды. Елді мекендердің Бас жоспарына сол ақпараттарды толық енгізу қажет. Бұл өте маңызды. Елді мекендерді дамыту барысында осы мәліметтерге сүйену керек. Қандай жоба қолға алынса да, Бас жоспарға бағынуы тиіс», – деді облыс әкімі.


Талдау жұмыстары барысында кей аудандарда сызбалардың нормативке сәйкес келмеуі, топотүсірілімдер мен инженерлік желілердің болмауы секілді бірқатар кемшіліктер анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Құжат Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілуі тиіс.