Түркістан облысында 600 отбасы баспанаға ие болады

0
947

Қаланың 65 жылдық мерейтойына орай табысталатын болады.


Түркістан облысында 600 отбасы баспанаға ие болады

Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасы жаңа баспанаға иеболады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласындағы Шоқан Уалиханов көшесі бойында 2019 жылдан бастап 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақындап қалған. Бұл баспаналардың кілті мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылар және де түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға жыл соңына дейін қаланың 65 жылдық мерейтойына орай табысталатын болады.

«Жалпы саны 600 пәтері бар үйлердің аймағы 33240 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларымен тұрғындарға арналған демалыс орындарымен қамтылатын болады», – дейді Кентау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Алдыбаев.

Сонымен қатар, Кентау қаласында 5 қабатты 25 пәтерден тұратын 96 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп қойған. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр. Жалпы аймағы 151368 шаршы метрді құрайтын үйлер 15 шағын ауданда бой көтереді.