​Түркістан облысында 7 млн-нан астам электронды мемлекеттік қызмет көрсетілген

0
1 301

Бүгінгі таңда 723 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бар.


​Түркістан облысында 7 млн-нан астам электронды мемлекеттік қызмет көрсетілген

Түркістан облысында заман талабына сай халықтың мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Исақов мәлімдеді.

Брифингте заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталған Болат Әлмұханұлы, аталған Заң аясында мыналарға қол жеткізілмек: конкурстық рәсімдерді жетілдіру, кадрлық мәселелерді шешуде мемлекеттік органдардың мобильділікті арттыру және кадр тапшылығының тәуекелін төмендету болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Заңдағы бірқатар түзетулер мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанына тоқталды.

«Бүгінгі таңда 723 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бар. Бұл ретте, Түркістан облысында 393 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Соның ішінде, жергілікті атқарушы органдармен – 193, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен – 197. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен 2019 жылдың 9-айында барлығы 7 746 567 қызмет көрсетіліп, электронды түрдегі қызметтің үлесі 88 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда 6 пайызға артқандығын көрсетіп отыр», – деді департамент басшысы Болат Әлмұханұлы.

Бұдан басқа, Департаментпен тиісті түрде жүргізілген кең көлемдегі түсіндірме іс-шаралардың және профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңбұзушылықтар бірқатар азайған. Атап айтқанда, 2019 жылдың 11 айында Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша 71 бақылау іс-шарасы жүргізілген.

Сондай-ақ, қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, қызметкерлердің іс-әрекетіне баға беру мақсатында Агенттіктің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы жұмыс жасауда. Бұл қосымша арқылы қызмет берушілердің қызмет көрсету нәтижелерінің сапасына жалпы 597 қызмет алушы жүгінген, нәтижесінде оның 76 пайызы оң баға берген.

«Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру Жоспарына сәйкес, 2019 жылы 80 пайызға, ал 2020 жылы 90 пайызға жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жоспарына сәйкес, облыстың ЖАО көрсететін 33 мемлекеттік қызметті автоматтандыру және «Е-әкімдік» АЖ 8 мемлекеттік қызметті оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі», – деді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Рахымбердіұлы.