Түркістан облысында ағын су мәселесі талқыланды

0
111

Нұрбол Әбдісаттарұлы ағын су өтемінің қалыптасқан қарызына тоқталды.


Түркістан облысында ағын су мәселесі талқыланды

Түркістан облысында ағын су мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында суғару маусымы жоспарға сай мерзімінде басталды. Бұл салаға қатысты проблемаларды облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Шардара, Мақтаарал, Жетісай өңірлерінің жауаптыларымен бірге талқылады.


Мәжіліске ауыл әкімдері, су мұраптары, су шаруашылығының жергілікті өкілдері қатысты. Аудан әкімдерінің орынбасарлары “Суды үнемдеу қалай жүзеге асады?”, “Су берешегі толық қашан өтеледі?” деген сұрақтар төңірегінде баяндама жасады.


Шардара ауданында ағын суды аз талап ететіндақылдар егу тапсырмасы бойыншакүрішті өткен жылдан 3,4 мың гектарға( 2025 жылы 5,9 мың га егілген) қысқартып,жүгері дақылын 6,5 мың гектарға (2025 жылы 4,1 мың га егілген) көбейту көзделген. Қазіргі таңдакүріштің егіс көлемін қысқарту үшін ауылдық округтерге жоспар белгіленген. Шаруаларға тиімділігі түсіндірілуде.


Жетісай ауданында8 мың гектарға су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарланған. Жыл басынан бері 163 шаруа қожалық басшыларымен 4983,2 гектарға тамшылатып суару технологиясын ендіруге келісім-шарт жасалды.


Мақтаарал ауданында суды үнемдеуге көшірілетін 8 мың гектардың нақты 3408,4 гектарына келісім-шарт түзілген.


Нұрбол Әбдісаттарұлы ағын су өтемінің қалыптасқан қарызына тоқталды.


– Бір шаруаның қарызы өзге диқандарға зиянын тигізбеуі үшін қаржыны өндіруге жіті көңіл бөліңіздер. Су шаруашылығымен түзілетін электронды келісім-шарт мәселесін де соңына жеткізу керек. Су босату кезектілігін түзу барысында дақыл ерекшеліктері назарға алынсын. Шаруа бейнетіне – құрметпен, өз міндеттеріңізге жауапкершілікпен қараңыздар, – дей келе облыс әкімінің орынбасары бірқатар тапсырмалар берді.


Сонымен қатар вегетациялық кезеңге қатысты шағымдар шұғыл зерделенуі тиіс екенін ескертіп, заң аясында жедел шаралар қабылдануын қамтамасыз ету міндетін жүктеді.

Бөлісу