Түркістан облысында ауқымды шипажай жұмысын бастады

0
1 980

Кешенде емделудің орташа құны 12500 теңгені құрайды.


Түркістан облысында ауқымды шипажай жұмысын бастады

Сарыағаш ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап өтсек, Сарыағаш қаласының Самал шағын ауданында 900 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. Мердігер мекеме «Жаңа арна 2002» ЖШС 2020 жылы құрылысын бастаған мектеп 2021 жылы тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл ғимараттың жалпы аумағы – 8324,2 шаршы метрді құрайды. Жоспар бойынша мектептің оқу блогы, спорт залы, асханасы және шеберханасы бой көтереді.

Негізі, Сарыағаш – шипайжайлы, емдік туризмі дамыған аймақ. Сұранысқа байланысты жыл сайын жаңа кешен бой көтереді. Мәселен, 2020 жылдың маусым айында құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген «Дархан» шипажайы бүгінде 100 адамды қабылдауға қауқарлы. Емдік-сауықтыру кешенінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ем-домның 24 түрі бар. Одан бөлек, ақылы бірнеше қызмет көрсетіледі. Шипажай жылына 1300-ге жуық демалушы қабылдауды жоспарлап отыр. Кешенде емделудің орташа құны 12500 теңгені құрайды.