Қазіргі таңда ұсталған күдіктінің автокөлікті айдап кетудің екі жайтына қатысы бары анықталып отыр
иллюстрациялық фото: ustinka.kz
ERNUR.KZ. Түркістан облысында көлікті ұрлап кеткен ұры анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері автокөлікті айдап әкеткен күдіктіні ұстады.
Атап айтсақ, Сайрам АІІБ кезекші бөліміне Қарабұлақ ауданының тұрғыны арызданған, онда ағымдағы жылдың мамыр айында белгісіз біреулер оның «ВАЗ» автокөлігін айдап кеткені туралы жазылған. Аталған жайт Сайрам АІІБ СДТБТ-не тіркеліп, күдіктіге қатысты іздеу шараларын қабылданған.
Үш айдан кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам АІІБ полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты заттар тәркіленіп, автокөлікті айдап кету жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген.
Қазіргі таңда ұсталған күдіктінің автокөлікті айдап кетудің екі жайтына қатысы бары анықталып отыр.