Түркістан облысында аз қамтылған азаматтар үлесі 42,4%-ға төмендеді

0
350

Облыс халқының 3,6% -ын құрап отыр.


Түркістан облысында аз қамтылған азаматтар үлесі 42,4%-ға төмендеді

Түркістан облысында аз қамтылған азаматтар үлесі 42,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2024 жылы 216,9 мың адам, атаулы әлеуметтік көмекпен толық қамтылмақ және ол үшін бюджеттен 12,2 млрд.теңге қаржы қарастырылған. Аталған жұмыстар бойынша, 2024 жылдың 1 мамырында 12,9 мың отбасыға 2637,4 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ал аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 3,6% -ын құрап отыр. Сондай-ақ бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 42,4%-ға төмендеген. Облыс көлемінде 2023 жылығы көрсеткіш бойынша, кедейлік деңгейі 6,3% - ын құрайды.


Айта кетейік, ағымдағы жылы АӘК тағайындау жұмыстары белгіленген межеге сәйкес, 83 939 адамнан асырмау артығымен орындалған.