Түркістан облысында балаларға сирек оталар жасалып жатыр

0
643

Тәжірибе алмасу жұмыстары Түркістан облысының балалар кардиохирургиясы дамуының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.


Түркістан облысында балаларға сирек оталар жасалып жатыр

Түркістан облысында балаларға кардиохирургиялық сирек ота жасау қолға алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер кардиохирургиялық сирек ота жасауды қолға алған. Күрделі ота еліміздің бас балалар кардиохирургі, «University Medical Center» корпоративтік қоры балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі, Дмитрий Горбуновтың қатысуымен өтіп жатыр. Тәжірибе алмасу жұмыстары Түркістан облысының балалар кардиохирургиясы дамуының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.


Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасында «University Medical Center» корпоративтік қоры, балалар кардиологы, педиатрия бойынша медициналық директоры Иванова-Разумова Татьяна бастаған бір топ білікті мамандардың қатысуымен жүрегінде ақауы бар балаларға диагностикалық тексерулер жүргізіліп, консультация беру жұмыстары жүргізілді.


Айта кетейік, 10 жыл ішінде балалардың туа біткен жүрек ақауларына 3020 ота жасалды, 2023 жылы 131 ота және 2024 жылдың 9 айында 108 ота жасалды. Шеберлік сынып аясында 13 күндік нәрестенің критикалық туа біткен жүрек ақауын жасанды қан айналымы жағдайында түбегейлі түзету бойынша ота жасау жоспарлануда.

Бөлісу