Түркістан облысында білім мекемелерін цифрландыру жұмысы күшейтілді

0
251

Аталған бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.


Түркістан облысында білім мекемелерін цифрландыру жұмысы күшейтілді

Түркістан облысында білім мекемелерін цифрландыру жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында білім саласы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін сапалы әрі уақтылы үйлестіру және мемлекет қаржысын мақсатты пайдалану үшін саланы цифрландыру жұмысы күшейе түсті. Аталған бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.


– Өңірдегі балабақшалар, мектептер және колледждер толық цифрландыруға өтуі тиіс. Бақылау, талап күшейтіледі. Студенттері оқуға келмейтін, оқу процесін үйлестіре алмайтын колледж басшыларын ауыстыру мәселесін қарастырыңыздар. Оқушылардың мектепке келуін, мектеп асханасының жұмысын қадағалауды цифрландыру бойынша ортақ бір жүйені қолданып, оны жауапты басқармаға интеграциялау қажет, – деген Дархан Сатыбалды тиісті басқарма басшыларына ицфрландыру ісін бірлесе атқару жөнінде тапсырмалар берді.


Мәжілісте Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков баяндама жасады.


2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілген 458 мектеп (420 мектеп, 38 мектеп-интернат) асханасының 210-ына ақпараттық бағдарламалық комплекс (АБК) орнатылып, «Әлеуметік әмиян» жобасымен толық интеграция жасалады. Қалған 248-і «Бизнес әмиян» жүйесіне енгізіледі. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, 2 ай мерзімде оларға АБК орнатылып, интеграция жасалмақ. Одан басқа 457 мектепке «Бизнес әмиян» енгізу жұмыстары жүруде.


Облыстағы мемлекеттік 264 мемлекеттік балабақшада балаларды түгелдеу функциясын атқаратын арнайы құралдар мен камералар орнатылуда. 2025 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс алатын облыстағы 1119 жекеменшік балабақшаға да «Сана» жүйесі құрылтайшылар есебінен орнатылып, басқармамен интеграциаланады. Түркістан қаласындағы 145 балабақшаның 139-ы ваучерлік қаржыландыруға келісімдерін берді. Қалғандарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар облыстағы мемлекеттік тапсырыс қабылдап отырған 43 колледжге де Face ID жүйесі орнатылып, басқармамен интеграциаланады деп жоспарланған.


Аппарат мәжілісінде Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаевтың есебі тыңдалды. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде жалпы бюджетке 218,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 101,7%-ға орындалған. Түсімді молайтпаған және бюджетті тиімді игермеген аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жұмысты ширату туралы тапсырмалар берілді.

Бөлісу