​Түркістан облысында дәстүрді дәріптейтін көшпелі жиын басталды

0
1 473

Еркін форматта өткен отырыс тұрғындардың көңілінен шықты.


​Түркістан облысында дәстүрді дәріптейтін көшпелі жиын басталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дәстүрді дәріптеу үшін іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Сарыағаш ауданына келді. Еркін форматта өткен жиын тұрғындардың көңілінен шығып, өз ойларын білдірді.

Көшпелі керуеннің мақсаты:
- облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру;
- деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу;
- мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып отыр.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Беспаев Мәди Әбзелбекұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы келді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов ашып, жүргізді.