Түркістан облысында дүниежүзілік акция өтті

0
841

13 мыңға жуық адам атсалысты.


Түркістан облысында дүниежүзілік акция өтті

Түркістан облысында World Cleanup Day дүниежүзілік акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Дүниежүзілік тазалық күніне орай Түркістан облысында «World Cleanup Day 2023» жыл сайынғы экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияның мақсаты — қоршаған ортаны тазалай отырып, табиғатқа жанашырлық таныту және әр адам бойындағы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.


Сенбілікке облыс аумағындағы барлық аумақтық департаменттер мен басқармалар, аудан, қала әкімдіктері сондай-ақ, барлық бюджеттік мекемелер мен тұрғындар қатысты. Жалпы 13 мыңға жуық адам атсалысты.


Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбековтің айтуынша, игі шара Түркістан облысының барлық аудандарында жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша сенбілікке қатысқан әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізсе, мемлекеттік қызметшілер мен дербес бөлімдер Түркістан – Кентау тас жолы бойында өскен арам шөптерді тазартты.


Айта кетейік, «World cleanup Day» — бұл бүкіләлемдік тазалық күніне арналған экологиялық акция. Аталған дүниежүзілік масштабта өтетін іс-шараға 180-нен астам мемлекет қатысады. Қазақстан Республикасы да 2018 жылдан бастап, жыл сайын белсенді түрде атсалысып келеді.