Оның үйін тінту барысында полиэтиллен пакетке салынған 50 гр. марихуана тәркіленіп алынды.
иллюстрациялық фото: twitter.com
ERNUR.KZ. Арыс АІІБ-нің қызметкерлері шілде айының басында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі затын сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктінің автокөлігін тінту барысында 10-дана қағазға оралған хош иісті, кептірілген есірткі затына ұқсас заты тәркіленіп алынды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 50 гр-нан асқан. Тергеу барысында ұсталған азамат есірткі затын Арыс қаласының тұрғынынан алғанын айтып түсіндірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс АІІБ-нің қызметкерлері есірткі сатушыны анықтап, ұстады.
Оның үйін тінту барысында полиэтиллен пакетке салынған 50 гр. марихуана тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі сатушы қамауға алынды.