​Түркістан облысында қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді

0
78

Жауапты сала өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар мен қазіргі ахуал бойынша баяндама жасады.


​Түркістан облысында қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді

ERNUR.KZ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға арналған апталық штаб отырысы өтті.

Жиында өңірдегі өзекті мәселелер қаралып, олардың шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, штаб отырысында сұйытылған мұнай газының жетіспеушілігі, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, жайылымдық жер тапшылығы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Жауапты сала өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар мен қазіргі ахуал бойынша баяндама жасады.
Отырыс қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар сұйытылған газ нарығын тұрақтандыру, шалғай елді мекендердегі өзекті мәселелерді анықтау, инфрақұрылымдық мәселелерді кезең-кезеңімен шешу, сондай-ақ халықпен кері байланысты күшейту тапсырылды.
Штаб отырысында көтерілген мәселелердің орындалуы тұрақты бақылауда болады.