​Түркістан облысында көкөністі қайта өңдеу қолға алынуда

0
1 416

Ораңғай ауылында орналасқан кәсіпорын биыл 1,5 мың тонна дайын өнімді Ресейге экспорттаған.


​Түркістан облысында көкөністі қайта өңдеу қолға алынуда

Түркістан облысына қарасты Кентау ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жеміс-жидек пен көкөністі терең өңдеуді жолға қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ораңғай ауылында орналасқан кәсіпорын биыл 1,5 мың тонна дайын өнімді Ресейге экспорттаған. Тәулігіне 80 тоннаға дейін көкөніс өңдейтін зауыт 18 түрлі өнім шығарады. Аталған кәсіпорын жұмысымен өңір басшысы барып танысып қайтты.

2017 жылы құрылған кәсіпорын Ресей мен Беларусьтің озық технологиясымен жабдықталған. Барлық өнім осы жерде жуылып, тазаланады. Одан кейін өңдеу цехына жөнелтіледі. Өндіріс орны сағатына 10 тоннаға дейін дайын өнім шығарады. Қазір мұнда 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Бұл зауытта ауылымыздың қыз-келіншектері тұрақты жұмыс істейді. Жұмысымыз өзіміге ұнайды. Жалақымызды уақытында беріп тұрады. Жалпы жағдайымыз жақсы», - дейді Ораңғай ауылының тұрғыны Ш.Жамалова.

Кентау ауданының Ораңғай ауылында орналасқан ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жеміс-жидек пен көкөністі терең өңдейді. Табиғи таза өнім еліміздің солтүстік өңірлері мен Ресейге жөнелтіледі. Мәселен, биылдың өзінде 800 тоннаға жуық консервіленген дайын өнім Қызылорда, Петропавл, Қостанай, Павлодар облысына жіберілсе, 1,5 мың тоннасы Ресейге экспортталған. Зауыт 18 түрлі өнім шығарады.

Кәсіпорын басшысы Рысқұл Сүлейменов отбасымен диқаншылықпен айналысады. Жері еміп, жеміс теріп өскен шаруа жалғыз жүріп ештеңе тындыра алмасын білген соң шағын шаруалардың басын қосуды ұйғарыпты.