Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жіті қадағалауда

0
65

Өзендердегі су деңгейі орта деңгейден төмен ағуда.


Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жіті қадағалауда

Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жіті қадағалауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында биыл жыл басынан бері 37 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттен қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ, ал материалдық шығын 160 млн 760 мың теңгені құрады. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Түркістан облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері Тамерлан Нұрланов мәлімдеді.


«Облыстағы өрттердің басым бөлігі тұрғын үйлер мен автокөлік құралдарында болған. 2026 жылдың басынан бері газбен уланудың 3 жағдайы тіркеліп, 6 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды. Мемлекеттік өрт бақылау саласында 51 708 нысан есепке алынған. Биыл аталған нысандарға 31 тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы 105 тұлғаға әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде, 91 тұлғаға ескерту, 32 тұлғаға айыппұл салынды. Облыс аумағында әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың 34 197 тұрғын үйі тіркелген. Оның ішінде, 6 288 үйде табиғи газ ақауын анықтайтын құрылғы, 2057 үйде түтіндік өрт хабарлағыштары орнатылған» - деді спикер.


Сонымен қатар, баспасөз жиыны барысында Түркістан облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылбек Қырықбай өңірде су тасқынының болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.


«Облыс аумағында суқоймалардың толу деңгейі орта есеппен 71 пайызды құрап отыр. Өзендердегі су деңгейі орта деңгейден төмен ағуда. Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жалпы 1 064 жеке құрам, 124 техника, 11 дана жүзу құралдары, 92 дана су сорғыш құралдары мен 44 дана эвакуциялауға арналған техника дайындыққа келтірілген. Сондай-ақ, 45 мың дана қап, 5 920 тонна инертті материалдар дайындалды. Төтенше жағдай қаупі туындағанда ыстық тамақ пен тұрмыстық қажеттіліктер үшін кәсіпкерлермен 109 меморандум түзіліп, 432 тонна жанар-жағармай дайындалған» - деді сала басшысы.

Бөлісу