Түркістан облысында мәдени-туристік іс-шаралар жанданады

0
58

Ұйымдастыру жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды.


Түркістан облысында мәдени-туристік іс-шаралар жанданады

Түркістан облысында мәдени-туристік іс-шаралар жанданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтті.Жиынға жауапты басқарма өкілдері мен тиісті мекеме басшылары қатысып, қыркүйек-қазанайларында өтетін іс-шаралар легі сараланды. Ұйымдастыру жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды.


– Биыл Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді. Осы мәртебеге орай ауқымды жобалар мен мазмұнды іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі атқарылуы тиіс, – деген облыс әкімінің орынбасарыоблыстық мәдениет және туризм басқармасының өкілдеріне бұл бағытта нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.


Айта кетейік, облыс орталығында биыл бірқатар маңызды мәдени және рухани іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бүгінгі күнге дейін «Voice of Turan – 2025» халықаралық фестивалі, «Түркінің төрі – Түркістан» жас ақындар айтысы сынды бірқатар маңызды шаралар менжобалар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі, Республика күніне арналған салтанатты шаралар мен «Түркістан дауысы» мерекелік концерттерді өткізу жоспарланған.

Бөлісу