​Түркістан облысында «Мақта өсіруші озат аудан» анықталды

0
2 004

Жетісайлық шаруалар Түркістанда өткен фестивальдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 10 тоннаға жуық өнім апарған болатын.


​Түркістан облысында «Мақта өсіруші озат аудан» анықталды

Түркістан қаласында алғаш рет өткен «Агрофест-2018» ауыл шаруашылығы фестивалі Жетісай ауданының мерейін үстем еткен шара болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Жетісай ауданы «Мақта өсіруші озат аудан» және «Бақша өндіруден озат аудан» атанды. Сондай-ақ, «Қаршыға» фермерлік қожалығы – «Озат ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаушы», ал «Керімхан» шаруа қожалығы «Озат бақша өндіруші» номинациясымен марапатталды. Бұдан бөлек, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетовке ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің арнайы грамотасы табыс етілді.

Сондай-ақ, жетісайлық шаруалар Түркістанда өткен фестивальдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 10 тоннаға жуық өнім апарған болатын.
Бүгін аудан әкімдігінің аппарат отырысында аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков кешегі ауыл шаруашылығы шарасына белсене қатысқан қызметкерлерге аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың атынан алғыс білдірді.

Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында 127 мың тоннаға жуық шитті мақта мен 400 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды. Жалпы, ауданда 78 мың гектарға жуық егістік жер бар болса, соның 48 мың тонннасына «ақ алтын» дәні себілген болатын.

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі