74%-ы оңалтудың техникалық құралдарымен және әлеуметтік қызметтерімен қамтылатын болады.
Түркістан облысында алғаш рет мүгедектікке шығу деңгейі 18%-ға төмендеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мүгедектіктің алдын-алу мақсатында анықтау, профилактикалық және емдеу шараларын жүргізу нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда Түркістан облысында алғаш рет мүгедектікке шығу деңгейі 18%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қаралған отырыста облыс әкімі бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
«Түркістан облысында 94 500 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады, бұл облыс халқының 5%-н құрайды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту шараларымен қамтамасыз ету үшін бюджеттің барлық көздерінен бөлінген қаржы 22%-ға ұлғайып, 2020 жылы 4,8 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде, 34 мыңнан астам адам немесе қажеттіліктің 74%-ы оңалтудың техникалық құралдарымен және әлеуметтік қызметтерімен қамтылатын болады»,- деді Өмірзақ Шөкеев.
Түркістан өңіріне облыс мәртебесі беріліп, қайта жаңғыруына байланысты мүгедектерге арналған заманауи оңалту орталығын құру қажеттілігі туындауда.