Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

0
697

Орталық тиісті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.


Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

Түлкібаста мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе кентінде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандарға «күндізгі қатынау бөлімі» ашылды. Бұл мекемеде жүйке жүйесімен ауыратын балалар сауықтыруға арналған емдік, логопедтік, дефектологиялық жаттығулар жасайды және оларға психологиялық, массаж қызметтері көрсетіледі. Осыған байланысты орталық тиісті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Жаңадан ашылған мекеменің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев арнайы қатысып, тұрғындарға құттықтау лебізін білдірді.

Айта кетейік, жалпы ауданда 5475 мүмкіндігі шектеулі азамат болса, оның 754-і 18 жасқа дейінгі балалар.