Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу ұйымдастылырды

0
1 177

Аталған іс-шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару, жол қозғалысына қатысушылардың әдепті қарым-қатынас жасау қажеттігі және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету.


Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу ұйымдастылырды

фото: bnews.kz

Түркістан облысы, Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тең мүмкіндіктер жолы» акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару, жол қозғалысына қатысушылардың әдепті қарым-қатынас жасау қажеттігі және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету. Бұл іс-шараны өткізуге денсаулық сақтау және білім басқармасының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымының қоғамдық өкілдері, Түркістан қаласының №21 жалпы орта мектебінің ұжымы ерекше атсалысты.
Облыстық полицейлер өз тараптарынан ерекше балаларға жаяу жүргіншілер жолағында, аула мен қала көшелерінде жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Балалар, тәртіп сақшылары тарапынан жолда жүру қауіпсіздігіне қатысты қойылған сұрақтардың барлығына дұрыс жауап берді. Ал, мектеп оқушылары ерекше балаларға арнап би билеп, ән айтумен қатар сахналық қойылым көрсетті. Сонымен қатар, полицейлер балаларға түсінікті болу үшін сол маңдағы жолдың бойында, жолдағы қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатындағы ашық сабағын жүргізді.
Ұйымдастырушылар іс-шара соңында ерекше балаларға сый-сияпаттар тапсырып, арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Балалар полицейлердің жол жүру қауіпсіздігі ережелеріне қатысты қызықты да қажетті мәліметтері мен сабағына алғыстарын білдіріп, жолда жүру ережелерін үнемі сақтап жүруге уағдаласты.