Түркістан облысында нөсер жауыннан кейінгі жағдай бақылауда әрі тұрақты

0
75

Шығын анықталған жағдайда, оны демеушілер есебінен өтеу мәселесі әкімдік тарапынан қарастырылады.


Түркістан облысында нөсер жауыннан кейінгі жағдай бақылауда әрі тұрақты

Түркістан облысында нөсер жауыннан кейінгі жағдай бақылауда әрі тұрақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Төлеби және Қазығұрт аудандарының кей аумақтарында нөсер жауын-шашын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің ауласына жаңбыр суы жиналып, тұрғындар үшін уақытша қолайсыздық туындады. Қазіргі таңда жауын-шашын тоқтап, жағдай тұрақталған.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Төлеби ауданында 3 тұрғын үйдің ауласы мен 1 жеке тұрғын үйге, ал Қазығұрт ауданындағы Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында бірнеше үйдің ауласына жаңбыр суы кірген. Шығын анықталған жағдайда, оны демеушілер есебінен өтеу мәселесі әкімдік тарапынан қарастырылады.

Аталған аумақтарда суды бұру және су тасқынының алдын алу бағытында жедел жұмыстар жүргізілді. Апаттың салдарын жоюға 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника және 14 мотопомпа жұмылдырылған. Арнайы жұмысшы топтар күшейтілген режимде жұмыс атқарды.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданына арнайы барып, ахуалды бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Елді мекендерде кешенді жұмыстар ұйымдастырылып, барлық тиісті қызметтер толық жұмылдырылған.

Аймақтағы су нысандары мен өзен-көлдердің жағдайы тұрақты бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр.

Бөлісу