Түркістан облысында өндірісте жұмыс істейтін тәлімгерлер дайындалады

0
658

Жоба «Тәлімгерлік мектебі» ҰКП оқыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.


Түркістан облысында өндірісте жұмыс істейтін тәлімгерлер дайындалады

Түркістан облысында өндірісте жұмыс істеуге 42 тәлімгер дайындалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында «Жұмыс орнында оқыту педагогикасы. Тәлімгер-мамандарды аттестаттау» тақырыбында екі күндік курс өтті. Оқуды аяқтаған «Атамекен» ҰКП жанындағы тәлімгерлер тізіліміне енгізіледі.


Жоба «Тәлімгерлік мектебі» ҰКП оқыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Тыңдаушылар дуальды оқытудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен міндеттерін, жұмыс орнында пәндер мен оқыту модельдерін оқытуды меңгереді, тәлімгерлік жүйесінің дамуы туралы білім алады.


Оқытуды «Атамекен» ҰКП адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, мультипликатор-жаттықтырушы Ләззат Шонаева жүргізді.


«Екі күндік оқу қорытындысы бойынша қатысушылар тәлімгер сертификатын алады және кәсіпкерлер палатасы директорының бұйрығымен «Атамекен» ҰКП жанындағы тәлімгерлер тізіліміне енгізіледі», – дейді Ләззат Шонаева.


ӨКП директоры Асылан Ибадуллаев курстың мақсатына тоқталды.


«Оқытудың мақсаты – тәлімгерлік институтын бірқатар ұйымдастырушылық міндетті шешуге көмектесетін кәсіпорындардың кадр саясатының маңызды элементі ретінде қалыптастыру. Оның ішінде жаңа жұмысшыларды бейімдеу және оқыту, кадрлардың ауысуын азайту және қызметкерлердің әлеуетін дамытуға әсер етеді», – деп атап өтті Асылан Ибадуллаев.


Сондай-ақ, Палата маманының айтуынша, оқуға тәлімгер ретінде жеке компанияларда және жас қызметкерлер арасында маман дайындайтын жұмысшыларда қатысып жатыр.


«Түркістан облысында 52 колледж бар, оның 23 жеке, екеуі – мемлекеттік колледждер. 38 колледжде дуальды оқыту сәтті жүзеге асырылып жатыр. Мұнда 38 мамандық бойынша 142 кәсіпорын базасында 5432 студент білім алады», – дейді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айдана Бейсебекова.