Облыс орталығы Түркістан қаласында «Рәміздер» алаңынан таңғы сағат 08.00-де таңғы жаттығу өтсе, сағат 09.00-ден «Есімхан» алаңына дейін жаяу жүру марафоны өтті.
Түркістан облысында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «Денсаулық фестивалі - 2018» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және «Денсаулық Фестивалі» Ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде бүгін «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2018» кең ауқымды акциясы өтуде.
Қоғамның назарын белсенді өмір сүруге аудару, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау мақсатында облыс көлемінде өткен акция «Дені саудың жаны сау» ұранымен таңғы жаттығуға ұласты.
Облыс орталығы Түркістан қаласында «Рәміздер» алаңынан таңғы сағат 08.00-де таңғы жаттығу өтсе, сағат 09.00-ден «Есімхан» алаңына дейін жаяу жүру марафоны өтті. Марафонға әкімшілік қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, барлық басқарма қызметкерлері, зейнеткерлер, спортшылар, дәрігерлер, сарбаздар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар қатысты. Марафоншыларды «Денсаулық зор байлық» автошеруі, спортшылар бастап жүрді.
Облыс орталығы, Түркістан қаласының орта білім беретін мектептердің қатысуымен «Пайдалы тағамдар» көрмесінде оқушылар қолымен дайындалған, өнімдердің пайдалы қасиеттерін дәріптейтін композициялар орналастырылса, фармкомпаниялар да өз өнімдерін тұрғындарға ұсынды. Спорт түрлерінен көріністер, халық арасында турнирлер өтті.
«Медициналық қалашықтың» жұмысы барысында облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары дәрігерлерге қаралып, «денсаулық сандарын» (қандағы қант, холестерин деңгейі, АҚ деңгейі және т.б.) анықтау үшін экспресс-анализдер тапсырып, салауатты өмір салты ұстанымын қалыптастыру бойынша кеңестер алды.