Белгісіз тұлғалар үйінен құны 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы жазып көрсеткен.
фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Түркістан облысының полицейлері пәтер ұрлығымен айналысқан ерлі-зайыптыларды ұстады деп хабарлайды NUR.KZ ІІД-ге сілтеме жасап.
2018 жылғы тамызда Ордабасы АІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда белгісіз тұлғалар үйінен құны 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы жазып көрсеткен. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ордабасы АІІБ қызметкерлері күдікті ретінде Түркістан облысының жергілікті тұрғындары ерлі-зайыпты жұпты ұстаған. Ұсталғандар бөтеннің мүлкін ұрлаудың екі жайтына қатысы бары анықталған.
Олар алаяқтық жолмен алдап жәбірленушінің тұрғын үйіне кіріп, әйелі үй иесінің көңілін аулап тұрғанда, күйеуі бағалы заттар мен ақшаларын ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 150 мың теңгені құраған.
Қазіргі таңда аталған жайтқа ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.