Сабақ полигонда ұйымдастырылған сегіз оқу орнында өткізілді.
«Дарбаза» полигонында роталық тактикалық топпен тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында «Дарбаза» полигонында роталық тактикалық топпен тактикалық оқу-жаттығуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізілді. Оған Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері қатысты. Нұсқаулық-әдістемелік сабақ полигонда ұйымдастырылған сегіз оқу орнында өткізілді. Әскери қызметшілер байланысты орнату, бүркемелеу, жаппай қырып-жою қаруынан, әуе шабуылына қарсы, жауынгерлік және жорықтық қорғану, материалдық-техникалық қамтамасыз ету тақырыптарынан білімдерін пысықтады. Бұл әскери қызметшілерге оқу тақырыбын үлгілерде көрсетілген мысалдардан нақты көріп, ал оқу нүкте жетекшілеріне қол жетімді түсіндіруге мүмкіндік берді.
«Нұсқаулық-әдістемелік сабақ барлық санаттағы командирлерге де, олардың жеке құрамына да барынша практикалық тәжірибе алатындай етіп өткізіледі. Бұл дәрістерде алынған тәжірибе мен білім жауынгерлік немесе арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қажет болады. Рота командирі тез өзгеретін ұрыс жағдайына бейімделіп қана қоймай, сонымен қатар негізгі және қоса берілген күштер мен қаруларды уақытылы пайдаланып, оларды сауатты басқара білуі керек», - дейді механикаландырылған бригада командирі, полковник Нұркен Қарағұлов.
Атап өтсек, сабақтар роталық тактикалық топтың тактикалық оқу-жаттығуды көрнекі орындалуымен аяқталды. Бөлімшелердің іс-қимылдарын көрсету үшін қазіргі қарулы қақтығыстарға тән жағдай жасалған. Әскери қызметшілер колонналарды алып жүру, аса маңызды объектілерді қорғау, қарсыластың диверсиялық топтарына қарсы күресу және заңсыз қарулы құрамаларды жою бойынша қақтығыс жағдайларын пысықтады.