Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өткізілді

0
82

Облыс аумағындағы тұрақтылықты сақтау тетіктері сараланып, тиісті тапсырмалар берілді.


Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өткізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен 2026 жылдың 2 сәуір күні Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.


Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, Терроризм мен экстремизм бағытындағы алдын алу шараларын ұйымдастыру барысындағы өзекті мәселелер туралы тиісті мемлекеттік органдар мен қала, аудандардың жауапты тұлғаларының есебі тыңдалып, оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру мәселесі көтерілді.


Мәжіліс соңында мемлекеттік органдармен жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстар мен нәтижелері талқыланып, облыс аумағындағы тұрақтылықты сақтау тетіктері сараланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу