Түркістан облысында заманауи спорт алаңы қолданысқа берілді

0
967

Спорт алаңы Арыс қаласындағы «Көктем-2» мөлтекауданынан ашылды. Бұл ауданның балалары енді доп қуалайтын алаңша іздемейді.


Түркістан облысында заманауи спорт алаңы қолданысқа берілді

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы құны 60 млн теңге болатын нысан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» қолдауымен салынды , деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Спорт алаңы Арыс қаласындағы «Көктем-2» мөлтекауданынан ашылды. Бұл ауданның балалары енді доп қуалайтын алаңша іздемейді. Аула ортасынан салынған футбол алаңында барлық жағдай жасалған. Тіпті, ойынға ойынға қажетті құрал-жабдықтармен де қамтамасыз етілген. Балалар қолы бос уақытты пайдаланып, спортпен шұғылдануы үшін арнайы алаңша салынғанын мақтана айтып жүр.

Мұндай спорт алаңшалары Елбасының бұқаралық спортты дамытуға басымдық бергенін және дені сау ұлт – болашағы кемел мемлекет негізі екенін атап өтіп, осы бағытта мемлекет басшысының саясатын іске асыру барысында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанының айғағы.

Балаларға арналған алаңшаның құрылыс жұмыстарын «Самұрық – Қазына Транс» АҚ-ның тапсырысымен мердігер «Мастер – Қазстрой» ЖШС жүргізген.

Жалпы Арыс қаласында мерекеге орай 16 нысан ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, үш білім, екі саябақ, үш тұрғын үй, бір спорт алаңшасы, екі бірдей көпір, және екі нысан электр энергиясымен жабдықталып, бірнеше аумақтарға абаттандыру жұмыстары жүргізілген.