Түркістан облысында жетімдер үйі толықтай жабылады

0
1 851


Түркістан облысында жетімдер үйі толықтай жабылады

Түркістан облысында жетімдер үйі толықтай жабылатын болды, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ел алдында есеп беру жиынында мәлім етті.

Жастар жылында Елбасы отбасы институты мен құндылықтарын дамытуға ерекше назар аударып отырғанын айтып өткен облыс басшысы бұл бағыттағы жмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

- Қазір облыста 130 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Олардың ішінде 16 500 отбасыға 27 немесе 100 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биыл көпбалалы отбасыларындағы жұмыссыз ата-аналардың жұмыс табуына, балаларға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы үшін қажетті техникалық және кәсіби білім беру мақсатында арнаулы көмек көрсетуді көздейтін "Қолғабыс" жобалар кешенін жүзеге асырамыз, – деді облыс басшысы.