Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

0
96

Облыс басшысы аудан және қала әкімдіктеріне, сала башыларына бірқатар міндет жүктеді.


Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары қатаң бақылауда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталып, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.


Облыс басшысы аудан және қала әкімдіктеріне, сала башыларына бірқатар міндет жүктеді.


– Алдағы жылыту маусымына дайындықты жіті қадағалаңыздар. Көмір тасымалдау және жеткізу жұмыстарын шұғыл түрде ұйымдастырыңыздар. Әсіресе, әлеуметтік нысандар уақытылы отын қорымен қамтамасыз етілсін. Жылыту маусымының тұрақты және қауіпсіз өтуі тұрғындар өмірінің сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан жұмысты сапалы ұйымдастырып, барлық мәселені уақтылы шешкен жөн. Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарында анықталған олқылықтарды тез арада жою керек. Жұмысты жобаға сәйкестендіріп, қалпына келтіру шараларын атқаруды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.


Аппарат отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірдегі жылыту маусымына дайындық барысын баяндады. Оның айтуынша, Кентау қаласындағы жылу энергетикалық кешенін жаңғырту бағытында 2024-2025 жылдардары басталған 6 қазандықтың қайта құру жұмыстарын аяқтауға қаржы қаралып, қазандықтардың техникалық бөлігінің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда №5, №6 қазандықтардың технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.


Сонымен қатар жылу желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 950 метр жылу желілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. І кезек бойынша ішкі орам жылу желілерін қайта құру мақсатында 4,2 шақырым желіні ауыстыру жоспарланса, нақты 5,5 шақырым желі ауыстырылды. Жоспар 130% артығымен орындалды. Ал, ІІ кезек бойынша ішкі орам жылу желілерін қайта құру жұмыстарымен 44,2 шақырымды қамту жоспарланып, бүгінде оның 30,5 шақырымы ауыстырылды.


Қыземшек кентінде №2 және №3 қазандықтарды ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ, №4 және №6 қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Таукент кентінде жалпы ұзындығы 1,3 шақырым құбырды ауыстыру жоспарланып, қазіргі уақытта оның 400 метрі ауыстырылды. Қыземшек кентінде 3,4 шақырым құбырды ауыстыру жоспарланып, 2,4 шақырымы ауыстырылды. Бұл жұмыстарды жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау көзделуде.


Өңірде 2025–2026 жылдарға арналған жылыту маусымына қажетті көмір көлемі 600,6 мың тонна болса, қазіргі уақытта көмірмен қамтылу көлемі – 132,8 мың тонна. Бұдан бөлек, 28 кәсіпкерлік субъектісінің қоймаларында 90,6 мың тоннаға жуық көмір қоры бар.

Бөлісу