Түркістан облысының әкімі Сайрам ауданының тұрғындарымен кездеседі

0
317

Сайрам ауданының тұрғындарының назарына!


Түркістан облысының әкімі Сайрам ауданының тұрғындарымен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 14 маусым сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Ақсукент, Жібек жолы к-сі), жеке қабылдауы сағат 12.00-де Сайрам ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Ақсукент ауылы, Жібек жолы к-сі №95), өтетінін хабарлаймыз.


Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 13 маусымға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.