Түркістан облысының энергетикалық әлеуетін көтеру жолдары талқыланды

0
62

Инвестициялық жобалар аясында жыл сайын энергетикалық жүйелер реттеліп, жаңартылып жатқанын жеткізді.


Түркістан облысының энергетикалық әлеуетін көтеру жолдары талқыланды

Түркістан облысының энергетикалық әлеуетін көтеру жолдары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында энергетикалық әлеуетті көтеру, тұрғындар мен кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте электр, су және газға жауапты компаниялар мен мекемелердің бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің басшылығымен кездесіп, аталған мекеменің күзгі-қысқы маусымға дайындығы, инвестициялық жобаларына қатысты мәселелерді талқылады.


– Облыста энергетикалық құрылымдар үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен бірлесіп, облыс аумағындағы аппатты жағдайда электр қуаты жиі сөнетін нүктелердің картасын әзірлеп, бақылауға алыңыздар. 2025-2026 жылыту маусымында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерде электр жарығының тұрақты берілуін қамтамасыз етуді, арнайы жобалар аясында жөндеуді және жаңартуды қажет ететін нысандардың тізімге толық енгізуді тапсырамын. Өңірде ашылатын зауыттар мен кәсіпорындарды электр қуатымен қамту мәселесі де тұрақты бақылауда болады, – деді Нұралхан Көшеров.


Мәжілісте «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің өкілдері осы саладағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Инвестициялық жобалар аясында жыл сайын энергетикалық жүйелер реттеліп, жаңартылып жатқанын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Бөлісу