Олимпиада 7 пән бойынша, екі турда ұйымдастырылды.
Түркістан облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда–2025» атағына ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңінде Түркістан облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда–2025» атағына ие болды.
2025 жылдың 9–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен байқауға еліміздің барлық өңірінен 432 оқушы қатысты. Олимпиада 7 пән бойынша, екі турда ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – ауыл оқушыларының әлеуетін ашу, дарынды жастарды қолдау және зияткерлік дамуына жағдай жасау.
Нәтижесінде қатысушылардың 45%-ы жеңімпаз және жүлдегер атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды.
Түркістан облысынан 28 оқушы қатысып, 24 оқушы жүлделі орын иеленді:
• I орын – 5
• II орын – 6
• III орын – 8
• Мақтау қағазы – 5
Бұл нәтиже – ауыл мектебінің әлеуеті жоғары екенін, ұстаздар еңбегінің жемісті екенін дәлелдейді.


