Түркістан облысының мәдениет қызметкерлері сенбілік өткізді

0
338

Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту.


Түркістан облысының мәдениет қызметкерлері сенбілік өткізді

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты мекемелер сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты мекемелер сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Жақында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы нәтижелі аяқталды. Осы бағытта жалпыхалықтық сенбіліктер жыл соңына дейін жалғасады.


Облыс орталығындағы мәдениет ошақтары да бұған үлес қосып, мекеме маңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Айналаны қоқыстан тазартып, қолдау білдірді. Сонымен қатар аудан, қаладағы барлық мәдени мекемесі де атсалысып жатыр.


Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.