Түркістан облысының полицейлері «Денсаулық фестивалі» акциясына атсалысты

0
997

Іс-шара «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен басталды.


Түркістан облысының полицейлері «Денсаулық фестивалі» акциясына атсалысты

Түркістан облысы Полиция департаментінде «Денсаулық фестивалі-2019» акциясы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын дәстүрлі «Денсаулық фестивалі–2019» акциясы Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен басталған іс-шарада тәртіп сақшылары таңғы жаттығу жасады.

Кез-келген халықтың болашағы–оның халқының денсаулығына тығыз байланысты екендігі айтпасада түсінікті. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ететін полицейлердің денесі шыныққан, батыл да қайратты болуы шарт. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің «спортпен үнемі шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану» деген жағдайлар күн тәртібінен түскен емес.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, пайдасы шексіз осындай спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатысып отыру керек. Одан бөлек, күнделікті таңертең 10 минут уақыт бөліп, таңғы жаттығу жасау керек.

«Бірінші байлық–денсаулық», «Дені саудың-жаны сау» дегендей, өмірімізде бізге берілген ең үлкен байлық денсаулығымыздың қадіріне жете білейік. Ауырмай тұрып, аурудың алдын алайық. Үнемі жаттығулар жасап жүруге дағдаланайық!