Түркістан облысының тұрғындары өтініштерін жеткізді

0
126

Көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, жұмыс барысы бақылауда болады.


Түркістан облысының тұрғындары өтініштерін жеткізді

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде бекітілген кестеге сәйкес облыс тұрғындарына жеке қабылдау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл жолы облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков тұрғындардың талап-арыздары мен өтініштерін тыңдап, жауапты тұлғалармен мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.


Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі кәсіпкерлік жүргізуге әкімдік тарапынан қолдау алу, инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер алу, жеңілдетілген несие алу мәселелерін қозғады. Мәселен, жеке кәсіпкер 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға дайын екенін айтып, Түркістандағы Арнайы экономикалық аймақтан жер қарастыруды ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары тиісті ақпараттар беріп, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жер қарастырылатынын жеткізді. Түлкібас ауданының тұрғыны жаңа іс бастауға 200 млн жеңілдетілген несие алуға көмек сұрады. Азаматқа жеңілдетілген несие алу талаптары түсіндіріліп, кепілдікпен несие алуға мүмкіндік бар екені айтылды. Жеке кәсіпкер Түлкібас ауданан құс шаруашылығын дамытуға ниетін білдіріп, жер сұрады. Оған Түлкібастағы индустриалық аймақтан ауыл шаруашылығы үшін арнайы «браунфилдтер» салынып жатқаны, аудандық әкімдіктен қолдау болатыны айтылды.


Тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдаған Талғат Қозбеков жауаптыларға заң аясында тиісті шара қабылдауды тапсырды. Көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, жұмыс барысы бақылауда болады.


Айта кетейік, жеке қабылдауға «eOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Бөлісу