Сондай-ақ, облыс басшысы сала үздіктерін облыс әкімінің Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттап, арнайы номинациялар табыс етілді.
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы Төле би ауданында 28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде БАҚ саласында еңбегі еленіп, атаулы іс-шарада ардагер және үздіз қызметкерлер мен ұжымдар марапатталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Салтанатты шараны БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтаумен бастаған облыс басшысы Жансейіт Түймебаев осы салада еңбегі сіңген ардагерлерді «Облысқа сіңірген Еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Аталған марапаттың біріне «ERNUR-press» ЖШС-нің директоры Ержан Әділханұлы Бектұрғанов лайық деп танылып, «Облысқа сіңірген Еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.
Сондай-ақ, облыс басшысы сала үздіктерін облыс әкімінің Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттап, арнайы номинациялар табыс етілді.
Биыл облыстағы дәстүрлі «Үздік телеарна» номинациясын - «Ontustik» және «Айғақ» телеарналары жеңіп алса, «Ең үздік аймақ тілшісі» - «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі Бақытжан Дәуітов пен «КазАқпарат» ақпараттық агенттігінің тілшісі Айнұр Ақбаеваға бұйырды. «Үздік басылым» номинациясына - «Рейтинг» газеті ие болды.
Сондай-ақ, тележурналистика саласындағы «Алтын микрофон» номинациясына - Ардақ Жақсылықова лайық деп танылса, мерзімді басылым журналистеріне арналған «Алтын қауырсын» сыйлығын Айдар Құлжанов иеленді. Ал «Үздік аудандық, қалалық басылым» номинациясында Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газеті жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, салтанатты кеште БАҚ қызметкерлері Облыс мәслихатының, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының Грамоталырымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен, ҚР Журналистер Одағы облыстық филиалының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Бұдан өзге, «Оңтүстік өнімі» байқауының жеңімпаздары анықталып, жүлделер тапсырылды.