ТҮРКІСТАН: Өндіріс орындарында жұмысшыларды қолдау шаралары күшейтілді

0
258

Түлкібас, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы аудандарындағы мансап орталықтары ЖШС-лар мен кәсіпорындармен меморандумдар жасады.


ТҮРКІСТАН: Өндіріс орындарында жұмысшыларды қолдау шаралары күшейтілді

Түркістан облысындағы өндіріс орындарында жұмысшыларды қолдау бағытындағы шаралар күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген тұрғындардың қарыз берешектерін анықтау және оларды оңтайлы шешу жолдарын қарастыру, сондай-ақ бос жұмыс орындары пайда болған жағдайда мансап орталықтарының тетіктерін пайдалану бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.


Осы мақсатта арнайы құрылған жұмыс тобы Отырар ауданы аумағында орналасқан бірқатар кәсіпорындарды аралап, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесулер барысында жұмыс берушілерге еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру, қызметкерлердің әлеуметтік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ бос жұмыс орындарын мансап орталықтары арқылы толықтырудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.


Сонымен қатар тұрақты жұмыс орындарын көбейту және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында бірқатар кәсіпорындармен өзара серіктестік туралы меморандумдар түзілді. Атап айтқанда, Түлкібас, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы аудандарындағы мансап орталықтары ЖШС-лар мен кәсіпорындармен меморандумдар жасады.


Аталған меморандумдар жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға, еңбек нарығындағы өзара серіктестікті нығайтуға және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу