ТҮРКІСТАН: Өнеркәсіп саласындағы қауіпсіздік бақылауда

0
582

Өткен жылдың қорытындысымен департамент 42 профилактикалық бақылау жүргізді.


ТҮРКІСТАН: Өнеркәсіп саласындағы қауіпсіздік бақылауда

Түркістан облысында өнеркәсіп саласындағы қауіпсіздік жіті бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Нұржан Ысқақов мәлімдеді.


Спикердің сөзінше, облыс аумағында департаменттің қадағалауында жалпы саны 9 271 қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын 499 жеке кәсіпкерлік мекеме бар. Одан бөлек, департамент 6 өнеркәсіп саласы мен 9 қызмет түрлерінің қауіпті өндірістік аймақтарына бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізеді.


«Өткен жылдың қорытындысымен департамент 42 профилактикалық бақылау жүргізді. Жоспардан тыс 8 тексеру жұмыстары қолға алынды. Бақылау барысында жалпы 1 482 мекеме тексерілген. Оның ішінде 1 054 орында талаптар сақталмаған. Бақылау және қадағалау барысында есептік кезеңде 5 әкімшілік іс өндірісі қозғалып, үш заңды тұлғаға 396 750 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді. Департаменттің негізгі функцияларының бірі - мемлекеттік қызметтерді көрсету. Осы ретте 2023 жылы барлығы 701 қызмет көрсетілді»,- деді басқарма басшысы.


Сонымен қатар, профилактикалық бақылау жүргізу кезінде 7 бірлік қауіпті техникалық құрылғылар тоқтатылып, сотқа талап-арыз жолданған. Бұдан бөлек, қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жиынтық жоспарға сәйкес, 155 техникалық құрылғылар ауыстырылды.