ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

0
856

Жалпы құны 8,5 млрд. теңгені құрайды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Ордабасы ауданында жалпы өңірлік өнім былтыр 130,4 млрд. теңгеге жеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданында жалпы өңірлік өнім былтыр 130,4 млрд. теңгеге жетіп, 2021 жылға қарағанда 14,2%-ға артты. 2023 жылы бұл көрсеткіш 140,9 млрд. теңгеге жетеді деп көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін брифингте аудан әкімі Нұрбек Бадырақов айтты.


Нұрбек Бақтыбайұлының мәлімдеуінше, ауданда өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 32,5 млрд. теңгеге жеткен. Ал биыл 36,4 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған.


«2022 жылы ауданға 34 млрд. теңгеге инвестиция тартылса, 2023 жылы 37,2 млрд. теңгеге жеткізу межеленді. Жеке инвестициялар есебінен аудан экономикасының дамуына үлес қосатын негізгі 5 жоба іске асып, 140 жұмыс орны ашылды. Олар: «Bokei» ЖШС-ң автоматтандырылған қыш зауыты, «Green Technology Industries» ЖШС ІІ кезені синтепон талшығын өндіру цехы, «Aysyltan Group» ЖШС-ң қыш зауыты, ЖК «Бибитжан» қыш зауыты, ЖК Нұржановтың жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы», - деді аудан басшысы.


Бұдан бөлек, биыл жалпы құны 8,5 млрд. теңгенің 6 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 257 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Атап айтсақ, олар: «Оңтүстік кірпіш» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «Батсу Водоканал» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «ArlanStroy» ЖШС қыш зауыты, «Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару цехы, «RZN» ЖШС газоблок бұйымдарын өндіру цехы және «Ордабасы Сапар» орталығы.


Айта кетсек, жалпы өңірлік өнімнің 59%-ы ауыл шаруашылығының үлесінде. Былтыр салада 68,2 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Ал биыл 75 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған.