ТҮРКІСТАН: Ордабасыда Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді

0
62

Жыл сайын еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана кездесетін бұл нәзік гүл – табиғаттың баға жетпес байлығы.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді

Түркістан облысына қарасты Ордабасы тауының бөктерінде Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына қарасты Ордабасы тауының бөктерінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін – Корольков қызғалдағы гүлдеп, көздің жауын алуда.


Жыл сайын еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана кездесетін бұл нәзік гүл – табиғаттың баға жетпес байлығы. Әсіресе, Ордабасы ұлттық-тарихи мәдени қорық аумағында оның ерекше көптеп шығуы – биылғы көктемнің көркем көріністерінің біріне айналды.


Былтыр құрғақшылықтың әсерінен сирек көрінген қызғалдақ биыл табиғаттың қолайлы жағдайының арқасында жайқалып, тау бөктерін қызыл-сары кілемге орап тұр. Биіктігі небәрі 6-7 сантиметр болатын бұл өсімдік топталып өсіп, кең алқапты көркем кілемдей көмкерген.


Жұпар иісі аңқыған, көз сүйсіндірер көркем келбетімен жанға жылулық сыйлайтын Корольков қызғалдағы – табиғаттың шынайы ғажайыптарының бірі. Оның әрбір күлтесі – сұлулық пен нәзіктіктің белгісіндей.


Сонымен қатар сирек кездесетін бұл өсімдік ерекше қорғауды қажет етеді. Табиғи мұрамызды сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бөлісу