​ТҮРКІСТАН: Ордабасыда су үнемдеу технологиясы 4272 гектарға енгізілген

0
679

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалаларда су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтілді.


​ТҮРКІСТАН: Ордабасыда су үнемдеу технологиясы 4272 гектарға енгізілген

Ордабасы ауданында да жобалар жүзеге асырылуда. Бұл мәселе аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен жиында кезекті рет талқыланды. Аудан әкімі су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жалғасатынын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2023 жылдың қорытындысымен ауданда су үнемдеу технологиясы енгізгілген жер көлемі 4272 гектарға жетті. Яғни, жаңбырлатып суғару – 1093 гектарды, тамшылатып суғару 3199 гектарды құрады. Биыл 1300 гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып отыр.
Жиында су үнемдеу құралдарын шығарумен айналысатын “OMAD START” кәсіпорнының өкілі агроқұрылым басшылары мен шаруаларға құжаттандыру, суару жүйелерін енгізу, қосымша сүйемелдеу жұмыстары туралы толық ақпарат берді. Аталған кәсіпорын айына 15 мың гектарға тамшылатып, 20 мың гектарға жаңбырлатып суғару жүйелерін шығаруға қауқарлы.
Бүгінгі таңда облыста жібек жіп өндірісі қарқын ала бастады. Қазірдің өзінде Мақтарал, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарында тұт талын егіп, жібек жіп өндірісін қолға алған шаруалар саны артып отыр. Бұл кәсіпті “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы да жүзеге асыруға болады. Аталған шаруашылықты қолға алуға ниет білдірген ордабасылық шаруаларға мамандар тарапынан толық ақпарат берілді.