10 мыңға тарта ағаш егілген.
Ордабасы ауданында көгалдандыру ісі қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданы көгалдандыру мақсатында аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасымен ауылдарда тазалық айы жарияланып, көше, аулаларды, арық-атыздарды қоқыстан тазарту, көктемгі көріктендіру науқаны басталған. Қазіргі таңда ауданға қарасты барлық ауылдық округ тұрғындары ағаш отырғызып, гүл егу арқылы туған жерді түлету жолындағы жұмыстар қарқын алған.
Биыл жоспарға сәйкес ауданға қарасты елді мекендерде 10 мыңға тарта ағаш егілген. Атап өтсек, Бадамда 3000 түп ағаш (2500 қара тал, 300 сары өрік, 200 шырша мен арша), Қараспанда 400 түп қаратал ағаш, Шұбарда 900 түп (250 қара ағаш, 300 қара өрік, 300 шие, 150 шыршы және сәндік тал), Қарақұмда 1500 түп қарағаш, Шұбарсуда 1100 түп (700 қара ағаш, 400 шие), Бөржарда 1100 қара ағаш, Төрткүлде 1310 түп (қаратал 1060, жеміс тал 150, шырша 100) отырғызылды. Бұдан бөлек күз айында 2200 түп қаратал көшеттері егілген болатын.


