ТҮРКІСТАН: Ордабасыда жаңа өндірістік парктің құрылысы басталды

0
132

Тұрғындарға жаңа жұмыс орындары ашылады


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда жаңа өндірістік парктің құрылысы басталды

Ордабасы ауданында жаңа өндірістік парктің құрылысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысының Жолдауындағы инвесторлар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ордабасы ауданында нақты қадамдар жасалуда.


Осы орайда Шымкент агломерациясына жақын, көлік дәліздеріне қолайлы аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жаңа өндірістік парктің алғашқы қазығы қағылды.


Аудан әкімі Азат Оралбаевалғашқы қазықты қағып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілек білдірді.


Жоба жүзеге асқанда:

Тұрғындарға жаңа жұмыс орындары ашылады;

Аудан экономикасын дамыта түседі;

Отандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымды алаңға айналады.

Бөлісу